Әркімге құрметпен!

НИЕТТЕСТІК
БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті клиент!

KMF компаниясын таңдап, KMF-ке сенім артқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біз бірінші дәрежелі сервис, ыңғайлы өнімдер ұсынумен шектелгіміз келмейді. Бізбен жұмыс істеу процесі Сізді қуанышқа бөлеп, жағымды әсерлер сыйлағанын қалаймыз.

KMF-Qurmet – ниеттестік бағдарламасы, ол Сіздің бизнесіңізді дамыту үшін бірегей ұсыныстар мен бағалы сыйлықтарды қамтиды.

Арнайы Сіз үшін ұсыныстардың бірнеше топтамасын әзірлеп қойдық – «ҚОЛА», «КYМIС», «АЛТЫН». Оның әрқайсысы ерекше артықшылықтарға ие және оларды дәл қазір қолдана аласыз.



KMF-Qurmet. Әркімге құрметпен!

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Әр мәртебенің өз артықшылығы бар.

QOLA
    • Айрықша контентті, оқу тренингтерін, пайдалы подкасттар мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын қамтитын Telegram-каналға қосылу
    • Бизнес-тренингтер және қаржылық сауаттылыққа үйрету
    • Бизнес сарапшыларының кеңестері
KÜMIS
    • Айрықша контентті, оқу тренингтерін, пайдалы подкасттар мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын қамтитын Telegram-каналға қосылу
    • Бизнес-тренингтер және қаржылық сауаттылыққа үйрету
    • Бизнес сарапшыларының кеңестері
    • Аймақтық  газетте бизнесіңіз туралы жарнамалық мақаланы жариялау мүмкіндігін беретін ұтыс ойынына қатысу
    • Заңгерлер мен есепшілерден кеңес алу
ALTYN
    KÜMIS статусының артықшылықтары
    • Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны
    • KMF-тің You Tube немесе Telegram-каналында жарнама беру мүмкіндігін сыйлайтын ұтыс ойынына қатысу

Біздің жеңімпаздар

Турганов Аршидин Турганович, Шонжы ауылы, Алматы облысы

Бакенова Назгүл Уәлиханқызы, Талдықорған қаласы

KMF-Qurmet деген не?

«KMF-Qurmet» –  KMF компаниясының бейілді клиенттер клубы.
«KMF-Qurmet» үш бонустық ұсынысы бар үш мәртебені қамтиды – QOLA, KÜMIS, ALTYN.

Толығырақ
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•

Статусты қалай сақтауға және бағдарлама туралы қайдан білуге болады?

Бірнеше критерий бар:
Бірінші. Микрокредиттердің жалпы сомасы бойынша немесе 6 жылдан астам уақыт KMF клиенті болу.  
Екінші. Кем дегенде бір өтелген микрокредиттің және кем дегенде бір белсенді микрокредиттің болуы.  

Толығырақ
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•

QOLA статусы

Жеке менеджерден.
МФО «KMF» мобильді қосымшасынан.

Толығырақ
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•

KÜMIS статусы

«KMF-Qurmet» бағдарламасында мәртебе қайта микрокредит алатын клиенттерге беріледі. Сіз өз мәртебеңізді көтеріп, тиімді пакеттің артықшылықтарын пайдалана аласыз.

Толығырақ
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
KMF МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА СТАТУСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•
СТАТУСЫҢЫЗДЫ КӨТЕРІП, БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ•

ALTYN статусы

Мерзімін өткізген жағдайда. Сіз мерзімі өткен ағымдағы микрокредитті жауып, орнына жаңасын алуыңыз керек! Осылайша қайтадан бағдарламаға қосыласыз!

Толығырақ

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

«KMF-Qurmet» –  KMF компаниясының бейілді клиенттер клубы.

«KMF-Qurmet» үш бонустық ұсынысы бар үш мәртебені қамтиды – QOLA, KÜMIS, ALTYN. Оның әрқайсы бірден пайдалануға болатын ерекше артықшылықтарға ие.

Бірнеше критерий бар:

1. Микрокредиттердің жалпы сомасы бойынша немесе 6 жылдан астам уақыт KMF клиенті болу.  
2. Кем дегенде бір өтелген микрокредиттің және кем дегенде бір белсенді микрокредиттің болуы.

Әр статус үшін микрокредиттердің жалпы сомасы бойынша бағдарламаға қосылу критерийлері:

  QOLA   KÜMIS ALTYN
KMF-Агро  1 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін   5 000 000 теңгеден 20 000 000 теңгеге дейін   20 000 000 теңгеден жоғары 
KMF-Достар   1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін  2 000 000  теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін
 5 000 000 теңгеден жоғары
KMF-Потреб
 500 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін  1 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін
 5 000 000 теңгеден жоғары
KMF-МСБ
 20 000 000 теңгеден 40 000 000 теңгеге дейін 
 40 000 000 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін 
 100 000 000 теңгеден жоғары 
KMF-Микро
 1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін
 2 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін
 5 000 000 теңгеден жоғары


Бағыт нені білдіреді?
Бірнеше бағыт бар:
KMF-Агро – ауылшаруашылық қызметке арналған микрокредит;
KMF-Достар – топтық микрокредит;
KMF-Микро – шағын бизнеске арналған 30 млн теңгеге дейінгі микрокредит;
KMF-Тұтынушылық – кез келген мақсатқа арналған тұтынушылық микрокредит; 
KMF-МСБ – шағын және орта бизнеске арналған микрокредит.

Маңызды! Сондай-ақ, егер сіз 6 жылдан аса уақыттан бері бізбен бірге болсаңыз, қажетті соманы жинамай-ақ Ниеттестік бағдарламасына қатыса аласыз. Мынаны ескеру маңызды, біз сіздің барлық жабылған микрокредиттеріңіздің жалпы мерзімін есепке аламыз. Егер сіздің жабылған соңғы микрокредитіңіз KMF-МСБ бағытында болса, сіздің жабылған микрокредиттер бойынша өтіліңіз 10 жылдан жоғары болуы тиіс. Өтіл бойынша өткен клиенттер ALTYN статусына ие болады.

Жеке менеджерден.

МФО «KMF» мобильді қосымшасынан.

7474 нөмірі арқылы. 

«KMF-Qurmet» бағдарламасында статус қайта микрокредит алатын клиенттерге беріледі. Сіз өз статусыңызды көтеріп, тиімді пакеттің артықшылықтарын пайдалана аласыз. Қаржыландыру сомасын ұлғайта отырып, сіз өз статусыңызды көтересіз және одан да көп артықшылықтарға ие боласыз. 

Статустан айырылып қалуыңыз да мүмкін.
Статусты сақтау үшін бірнеше қарапайым ереже бар:  

- Төлем мерзімін 5 күннен артық кешіктірмеңіз;
- Белсенді клиент болып қалыңыз. Сіз соңғы микрокредитті жапқаннан кейін 90 күннен кешіктірмей жаңа микрокредит алуыңыз керек;
- Егер сіз микрокредитті 11 айдан астам мерзімге алсаңыз, оны 7 айдан кейін ғана мерзімінен бұрын толық өтей аласыз;
- Егер микрокредит мерзімі 11 айдан аз болса, микрокредит мерзімінің 50 пайызынан асқанда күнтізбелік келесі айда төлей отырып, мерзімінен бұрын толық өтей аласыз.
 
Мысалы,

- Микрокредитіңіздің мерзімі 4 ай болса, мерзімінен бұрын толық 3-нші айда өтей аласыз
- Микрокредитіңіздің мерзімі 6 ай болса, мерзімінен бұрын толық 4-нші айда өтей аласыз
- Микрокредитіңіздің мерзімі 8 ай болса, мерзімінен бұрын толық 5-нші айда өтей аласыз
- Осылай жалғаса береді

Егер сіз статусыңыздан айырылып қалсаңыз – қамықпаңыз!

Мерзімін өткізген жағдайда.

Сіз мерзімі өткен ағымдағы микрокредитті жауып, орнына жаңасын алуыңыз керек! Осылайша қайтадан бағдарламаға қосыласыз! Ал біз бағдарламадан шығып кетуге себепші болған микрокредиттің сомасын есепке аламыз!  

Егер сіз 90 күннен астам уақыт микрокредит алмасаңыз немесе оны мерзімінен бұрын толық өтесеңіз, жаңа микрокредит рәсімдеңіз, сонда біз сізді бағдарламаға қайтарамыз!  


Біз «KMF-Qurmet» ниеттестік бағдарламасының барлық қатысушысын Telegram-каналға қосамыз және ол жерде барлық жаңалықтан хабардар етеміз.

НАУҚАН ШАРТТАРЫ

Ұтыс ойынына «KMF-Qurmet» Ниеттестік
бағдарламасындағы «ALTYN» және «KÜMIS»
статусына ие клиентер қатысады.
Ұтыс ойыны кезінде қатысушыларда «ALTYN» және «KÜMIS» статусы сақталуы тиіс.

Егер анықталған жеңімпаз ұтыс ойыны аяқталған соң 24 сағат ішінде KMF қызметкерлерімен байланысқа шықпаса, ұйымдастырушылар жеңімпазды анықтауды қайта өткізуге құқылы.

Ұтыс қабылдау-тапсыру актісіне міндетті түрде қол қойып, клиенттерге табысталады.

Науқанды өткізу кезеңінде Ұйымдастырушы осы Ережелерге біржақты тәртіпте өзгертулер енгізуге құқылы.

Осы Ережелерге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізген жағдайда, Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Instagram-дағы @kmf_kz парақшасында таратады.

Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықты KMF төлейді.
22.11.2023ж.
KMF филиалдар желісі.

Жеңімпаз кездейсоқ түскен сандар генераторының көмегімен анықталады (ұтыс ойыны өтетін күні әр қатысушыға кездейсоқ таңдау арқылы номер беріледі).

Ұтыс ойыны Instagram-дағы @kmf_kz парақшасында, онлайн трансляция режимінде өтеді. 22.11.2023 жылғы ұтыс ойында нотариус міндетті түрде болады.

  1. Астана қаласындағы 1 бөлмелі пәтер, бастапқы әрленген күйде (ЖК Sezim Qala Baqyt.)
  2. Автокөлік: Chevrolet Cobalt Комплектация: OPTIMUM AT Қозғалтқышы: 4 цилиндрлі Жұмыс көлемі: 1,5 Максималды қуаты: 106 а.к. Трансмиссия: 6 АКПП
  3. Саяхатқа арналған екі адамға 1 000 000 теңгенің сертификаты
  4. 75 смартфон - Galaxy A03 Core 32GB
  5. 25 планшет - Samsung Galaxy Tab A7 lite